ic24.kz
Алматы. 3 қыркүйек. Ақпараттар орталығы. Қарағанды көмір бассейнінің қабаттарын барлап бұрғылау кезінде метан газының бірінші ағыны алынды, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметінен.
«ҚазТрансГаз» Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан барлаудың 1-ші кезеңіне кірісті, оның шеңберінде осы аумақтың газдылығын зерттеуге және Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан өндірудің барынша ұтымды технологияларын әзірлеуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдана отырып, геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде», — делінген компанияның хабарында.
Бүгінгі күні бірінші бұрғыланған ұңғыма игерілуде, онда дебитті қарқындату кезінде метан газының алғашқы ағыны алынды. Барлығы 7 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған, 3-уі геологиялық кернді іріктеуге арналған және 4-уі тәжірибелік-өнеркәсіптік, олар бойынша бұрғылау басталып та кеткен.
Хабарда айтылғандай, бұрғылау процесінде қарқындату мен бұрғылаудың әртүрлі әдістері қолданылады, оның ішінде өнімді көмір қабаттарының құрылысы туралы неғұрлым толық геологиялық ақпарат алу үшін ҚР аумағында бірінші рет — 600 метрге дейін пневмосоққы беретін бұрғылау қолданылуда.
Қарағанды көмір бассейнінің қабаттарын барлап бұрғылау кезінде метан газының бірінші ағыны алынды
 
Алынған кернді зерттеу осы қызметті көрсету саласындағы көшбасшы АҚШ, ҚХР және Польша сияқты елдердің сертификатталған халықаралық зертханаларында жүргізілетін болады, олармен тиісті шарттар жасалған.
Барлық геологиялық барлау жұмыстары «Қарағанды көмір бассейнінің Шерубай-Нұра көмірлі ауданының көмір қабаттарынан метан өндіруге арналған іздестіру жұмыстарының жобасына» сәйкес жүзеге асырылуда.
Осы саладағы белгілі сарапшы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры Николай Дрижданың пікірі бойынша бұрғылау процесінде көмір қабаттарының газдылығы туралы жоғары көрсеткіштер алынған және бұл жүргізіліп жатқан жұмыстардың перспективті екендігін куәландырады.
Сонымен қатар, 1-ші кезең жұмыстарын аяқтау 2016 жылға жоспарланып отыр, олардың нәтижелері бойынша газ өндірудің осы бағытын дамытудың перспективтілігіне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар мемлекеттік балансына қоюмен қатар Келісімшарттық аумақтың көмір қабаттарынан метан қорларын есептеу орындалатын болады.
Хабарда түсіндірілгендей, жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 14.03.2014 ж. бекітілген Қарағанды көмір бассейнінің метанын барлау мен өндіру жөніндегі жеке тапсырмасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына (жол картасы) сәйкес іске асырылады.
Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазТрансГаз» АҚ Қарағанды көмір бассейнінің бірнеше учаскесін қарастырды. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша ең зерделенген Шерубай-Нұра учаскесі таңдап алынған болатын. Әртүрлі бағалау бойынша Қарағанды бассейнінде 1800 м дейінгі тереңдікте 1,0 трлн. куб.м-ден 4,0 трлн. куб.м-ге дейін газ бар.
Қарағанды көмір бассейнінің қабаттарын барлап бұрғылау кезінде метан газының бірінші ағыны алынды
 
«ҚазТрансГаз» АҚ көмір қабаттарының метанын өндіру бойынша әлемдік тәжірибені зерттеуді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың ақпанында компанияның қызметкерлері «Газпром добыча Кузнецк» ЖШҚ-ның объектілеріне барды. Нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, онда қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылдың жалпы қағидаттары айқындалған болатын. Сондай-ақ, КҚМ өндіру саласындағы жобаларды табысты іске асырып жатқан Үндістан мен Қытай компанияларының өндірістік объектілеріне де барды», — делінген хабарда.
Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз» АҚ Энергетика министрлігімен және «KazEnergy» қауымдастығымен бірлесіп, КҚМ барлау мен өндіру жөніндегі жобаларды қолдауға бағытталған заңнамалық шараларға бастамашылық жасауда. Аталған бағыт көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы инновациялық бағыт болып табылады, сондай-ақ болжамды қорлары оны Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық базасының баламалы компоненті ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін дәстүрлі емес энергия тасымалдағыштардың бірі болып табылады.
«Осы мәселені зерделеу маңызды болып табылады және одан әрі Қазақстан Республикасының орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін баламалы нұсқалардың бірі ретінде ықпал ететін болады», — деп санайды компанияда.
«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.