seihun.info

Бұл туралы бүгін ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Тілешев пен облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев бастаған делегация Арал ауданына іс-сапары барысында бірауыздан мәлімдеді.
Меймандар алдымен 2014 жылы пайдалануға берілген 300 орындық №64 орта мектебіне аялдап, 425 балаға екі ауысымда оқытатын білім ошағының жылу маусымына дайындығын бақылады. Мектеп директоры Амангелді Бөлекбаевтың айтуынша, мектептегі жылу қазандығына айына 10 тн солярка кетеді. Мән-жайға қанық болған облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев шұғыл түрде жылыту құбырларын газ жүйесіне ауыстыруды тапсырды.
Кезекті сапар газ жүргізу жұмыстарымен танысу мақсатында қаладағы С.Сүлейменов көшесінің бойында жалғасты. Қазіргі таңда Аралға 2015 жылдың 11 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін 230 км газ құбыры орналасқан. Қала тұрғындарынан 1050 арыз түсіп, оның 534 жобасы әзірленген. Бүгінде 136 төлем жасалынып, сол үйлерге газдандырудың монтаж жұмыстары орындалуда.Газдандыру жұмыстарының жайымен танысқан Н.Шаймерденұлы мен Н.Әлібаевтар «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ өкіліне белгіленген мерзімге дейін дайын болуын міндеттеді.
Аудандағы емхананың да жылу маусымына дайындығын көрген делегация бас дәрігер М.Ршымбетовтің мәлімдемесін тыңдады. Нысандағы 2,5 кв-тық жылыту қазандығы айына 15 тн отынды жағуға қауқарлы. Алдағы уақытта газбен жылитын болады. Ол үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-мен келісімге келіп, құжаттары әзірленіп қойған.
Меймандардың мұнан кейінгі ат басын тіреген нысаны - Әбілхайыр хан көшесі бойында күрделі жөндеуден өткізілген 2 қабатты тұрғын үй болды. Пәтер тұрғындарының бірі Шолпан Келімбетовамен тілдескенімізде, шатыры, терезе, есіктері жаңартылған құрылыстың игілігін көріп отырғанын жеткізіп, осы ретте облыс, аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Арал ауданындағы бірқатар нысандардың жылу маусымына дайындығын бақылаған Нұрлан Шаймерденұлы мен Нұржан Әлібаев аудандағы газдандыру жұмыстары осы әлеуметтік нысандардан басталу қажеттігін қаперге салып, жұмысты тиянақты тындыруды тапсырды.