kaztransgas.kz

Көгілдір отын – ел өміріне береке, табыс, шуақ әкеледі. Ел­дің әлеуметтік, экономикалық жағдайына үлкен серпін береді. Ұлы Даланың қуаты, сондай-ақ, мемлекеттік ауқымдағы бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады. «ҚазТрансГаз» АҚ Тараз қаласының газ таратушы желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды 2011 жылы бастаған болатын. Негізгі мақсат – тұтынушыларды газбен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін газ желілері мен жабдықтарды жаңарту. Бұл жұ­мыстарды аяқтау 2019 жылға жоспарланған.

Жалпы алғанда, Тараз қаласын газбен жабдықтау жұмысы жарты ғасыр бұрын жүзеге аса бастаған екен. Елу жылда әрине, темір де тозады. Осы жобаны қолға алған кезде таратушы газ желілері мен жабдықтардың 66 пайызының тозығы жеткені мәлім болды. Жедел шаралар қабылданбағанда апаттық жағдайлар көбейіп, газ жеткізуде үлкен қиындықтар туындайтыны анық еді. Жаң­ғырту бағдарламасының арқа­сында ескірген құбырлар мен жабдықтарды ауыстырумен қатар, Тараз қаласының бүкіл газ тарату жүйесі өзгерді. «ҚазТрансГаз» АҚ төмен қысымды жерүсті газ құбырларын орта қысымды жер­асты газ құбырларымен алмастыруда.

Жалпы алғанда, жобаны іске асыру барысында жеке секторға газ жеткізетін 940 шақырым газ құбыры ауыстырылатын болады. Жаңа төселген орта қысымды құбырлар ШТП (шкафтық таратушы пункттер) желісіне жалғанып, тұтынушылар толығымен газ алып отыр. Бұдан басқа, ескірген барлық болат құбырлар пролиэтилен құбырлармен алмастырылған, олардың пайдаланылу мерзімі 50 жылдан астам мерзімді құрайды. Екі сатылы газбен жабдықтау жүйесіне көшу жөніндегі инно­вациялық шешім газ қысымының жеткіліксіздігі проблемасын шешуге, жүйенің өткізу қабілетін 1,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, газ құбырларына заңсыз қосылу фактілерін болдырмайды. Газ берудің осы заманауи жүйесі тұтынушылар үшін тұрақты және іркіліссіз газ алуға жол ашып отыр.

– Шкафтық пункттер тұрғындар үшін де, тексерушілер үшін де өте ыңғайлы, – дейді бұл жөнінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының директоры Болат Мұртазаев. – Жасыратыны жоқ, бұрын қаланың шет жағында немесе үлкен құбырдан алыс ор­наласқан үйлердің тұрғындары газ қысымының төмендігін айтып шағымданатын. Шкафтық пункт­тер орнатудың арқасында бұл проблемадан құтылып келеміз. Және бұл газ тексерушілердің де жұмысын жеңілдетті. Тексе­ру­шілер бұрынғыдай әр үй­дің қақпасын қағып, есігін ұрып жүрмейді. Көше бойы­на ор­натылған шағын шкафта элек­тронды есептегіш бар. Соны кілтпен ашып, әр үйдің пай­даланған газының көлемін біле алады. Тағы бір айтары, егер қа­рызы көбейіп кетсе, автоматты түрде әр үйдің газ құбырын жау­ып қоя алады. Жалпы, осы ин­вестициялық жоба жүзеге аса бас­тағалы бері 633 шақырым жерасты газ құбырлары төселіп, барлығы 14 106 жеке шкафтық пункттер орнатылды. Биылғы жылдың өзінде Тараз қаласында 7 700 ШТП қойылды. Еліміздің екі ірі ша­һары – Шымкент пен Таразда бүкіл ТМД кеңістігінде тұңғыш рет газ тарату желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп отыр. «ҚазТрансГаз» АҚ іске асырып отырған осы орасан зор жоба «Ұзақ мерзімді инвестициялық тариф» формуласының тиімділігін толығымен дәлелдейді. Жаңғыр­туды жүргізуге байланысты бар­лық жұмыстар «ҚазТрансГаз» АҚ-тың меншікті және қарыз қара­жаты есебінен жүргізіледі.

Жалпы алғанда, Жамбыл облысы бойынша газ құбыр­ла­рының жалпы ұзындығы 3 891 шақырымнан асады. Оның ішін­де Тараз қаласында 1 368 ша­қырым. Өңірдегі 10 ауданның 8-і газдандырылды. Облыстағы газ­дандырылған пәтерлердің саны – 162 851, табиғи газ алатын газ­дандырылған өнеркәсіптік кә­сіпорындар – 167, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар саны 4077-ні құрайды.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақ­станның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.