kaztransgas.kz

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қазан. Қызылорда облысы, Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кенті көгілдір отынға қосылды. 40 мыңнан астам тұрғыны бар кенттегі шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Әйтеке би кентінде бүгін үйіне алғаш болып көгілдір отынды кіргізген Құсановтар отбасы. Олардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалғанына риза.

«Бұрын үйде от жағып, әуреге түсетінбіз. Сатып алатын көмірімізге де көп қаржы жұмсадық. Енді бұл қиыншылықтар артта қалды», – дейді аудан тұрғыны Үрпатша Аймағамбетова.

Айта кетейік, келесі аптада Арал ауданы көгілдір отынға қосылады.