АиФ

Республикамыздың 1600-ден аса елді мекені, 10 млн тұрғыны газбен қамтылады. 

Бұл 2030 жылға дейін жасалған мемлекеттік газдандыру тұжырымдамасының жоспары. Қазіргі күні бұл игілік 1200 қала мен ауыл, 30 мыңнан астам кәсіпорынға жеткізілген. Ал «Бейнеу-Бозой-Шымкент» құбырының бір бөлігінде құрылыс аяқталып, экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай деректерді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңына келген «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының бас директоры жариялады. Ибулла Сердиев саланың осынау оң өзгерістерімен қоса, ішкі нарыққа газдың төмен бағамен босатылатынан да хабардар етті. 

Ибулла Сердиев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры: 

- «ҚазТрансГаз Аймақ» жыл сайын ішкі нарыққа газ сатудан қыруар шығын көреді. Өйткені газдың көтерме бағасы өзіндік құнынан төмен белгіленген. 2015 жылы шығын 124 млрд теңгені құрады. Шығынның орнын газ тасымалдау және экспорт арқылы толтырып келдік.