«Сарыарқа» жобасы (І кезең)

РЕСМИ ПАЙДАЛАНУ

Жобаның атауы

«Сарыарқа» жобасы (І кезең)

Мемлекет

Қазақстан

Бизнес секторы

Табиғи ресурстар

Жобаның сәйкестендіргіші

50009

Қаржыландыру көзі

ЕҚДБ (Еуропалық Қайта құру және Даму банкі) қарыз қаражаттары

Келісімшарт түрі

Жобалық тауарлар, жұмыстар және қызметтер

Хабарлама түрі

Сатып алу туралы жалпы хабарлама

Басталу күні

22 мамыр 2018 жыл

Жабылу күні

22 мамыр 2019 жыл

 

ЖАЛПЫ ЗАҢНАМА

Еуропалық Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстанның батысынан қазіргі мемлекеттің газдалмаған орталық және солтүстік аймақтарына табиғи газды тасымалдайтын Сары-Арқа (І кезең) газ құбыры құрылысы үшін үкімет бекіткен және құрылған арнайы мақсаттағы қазақстандық компанияға кредитті ұсыну жөнінде мәселені («Жоба») қарастырады.

Ұсынылатын ірі газ құбыры Қызылорда облысындағы қазір әрекет ететін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан солтүстік бағытта Қараөзек газды қысу нүктесіне өтетін болады. Оның (І кезеңге қолданылатын) мынадай негізгі параметрлері болады деп болжанады:

Ұзындығы: 1,081 км.

Диаметрі: 820 мм

Жұмыс қысымы: PN 9,81 Мпа

Пайдалануға бергеннен кейін газ құбыры бастапқыда жылына шамамен 1 млрд. кубметр («млрд куб.м/жыл») табиғи газды Орталық және Солтүстік Қазақстанға ішкі пайдалану үшін тасымалдайды деп күтілуде. Газ құбырының Қызылорда, Қарағанды және Ақмола облыстарының аумақтары бойынша өтуіне байланысты қосымша аймақтық газ тарату желілерін әзірлеу және салу керек, алайда олар берілген Жобаның бөлігі болып табылмайды.

І кезең сметасының жалпы құны 300 млрд. теңгеге дейін құрайды (915 миллион АҚШ долларына баламалы), олардың ішінде ЕҚДБ соманың шамамен үштен бір бөлігін қаржыландыра алады. Жоба келесі тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді төмендегілер үшін сатып алуды талап етеді:

• Қазіргі заманғы газ тарату жүйелерін, оның ішінде барлық қосымша жүйелерді жеткізу және монтаждау

• Жобаны іске асыру Топтарын (ЖІТ) қолдау үшін консалтингтік қызметтер

Сатып алулар 2018 жылдың үшінші тоқсанынан басталады деп күтіледі.

Банк кредиті есебінен қаржыландырылатын келісімшарттар Банктің Саясатымен және сатып алу ережелерімен реттеледі және кез келген мемлекеттің фирмасы үшін ашық болады. Банктің қарызынан түскен пайда тауарлардың кез келген импорты үшін егер мұндай төлемге немесе импортқа Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының VII тарауы немесе сатып алушы мемлекеттің мемлекеттік реттеу туралы заңының негізінде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен тыйым салынған болса, жеке немесе заңды тұлғалармен қандай да бір төлемдер мақсаты үшін қолданылмайтын болады.

 

Мүдделі жеткізушілерге, мердігерлерге және кеңесшілерге мына деректер бойынша хабарласу керек:

Адиль Нуралин

жабдықтау бөлімінің бастығы

Тел:+7 7172 977010

Email:  a.nuralin@ktg.kz

Данияр Аркалык

Корпоративтік қаржылар бөлімі бастығының орынбасары

Тел: +7  7172 552241

Email:  d.arkalyk@ktg.kz