Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының газ тасымалы және маркетингі жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен үкіметтік делегацияның құрамында Қарағанды облысында болып, кеңейтілген кеңеске қатысты. 

Сапардың мақсаты – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауын іске асыру, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі, өндірістік процестерді тұрақтандыруды қамтамасыз ету және қазақстандық қамту үлесін арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау.

Қарағанды облысы еліміздің ірі инудстриялық орталығы болып табылады, мұнда көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар шоғырландырылған. Нарықтың конъюнктурасын, энергия ресурстарына бағаның түсіп кетуін  ескере отырып, өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері және  қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету әсіресе өзекті мәселе болып табылады. Кеңесте осы және басқа да мәселелер талқыланды.

Кеңестің қорытындылары бойынша жалпы сомасы 57 млрд. теңгеге үш негізгі бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы 47 меморандумға қол қойылды. Маңызды бағыттардың бірі жергілікті қазақстандық қамтуды дамыту болып табылады. Осы бағытты қолдау мақсатында облыс әкімдігі мен ұлттық компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумдарға қол қойғандар қатарында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Еуразиялық Топ» ЖШС басшылары және Қарағанды облысының тауар өндірушілері болды.

Кеңестің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың, кәсіподақтардың, сондай-ақ әртүрлі өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының басшылары қатысты. 

Бердібек Сапарбаев ел Үкіметінің атынан өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған кәсіпорындардың басшыларына алғыс айтып, бірлескен күш-жігер жұмыс орындарын сақтауға, тауар өндірушілерді қолдауға және Қарағанды облысы тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға көмектесетінін атап өтті.  

{vsig}02.02-1{/vsig}

Дәл сол күні, ү.ж. екінші ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының газ тасымалы және маркетингі жөніндегі орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев Вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен үкіметтік делегацияның құрамында Жамбыл  облысында болып, кеңейтілген кеңеске қатысты. Кеңесте осы өңірдегі өндірістік процестерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер талқыланды. 

Кеңестің қорытындылары бойынша жалпы сомасы 11 млрд. теңгеге облыс әкімдігі, өңірдің кәсіпорындары және ұлттық компаниялар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы 17 меморандумға қол қойылды. Құжаттарға екі бағытта қол қойылды. Біріншісі, бұл жұмысшылардың еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық және екіншісі – өндіріс процесінде жергілікті және қазақстандық қамтуды дамыту. Жамбыл облысының ірі кәсіпорындары ұлттық компаниялармен жергілікті және қазақстандық қамтуды дамыту шеңберінде 11 меморандумға қол қойды. 

Кеңестің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, өңірдің ірі кәсіпорындарының басшылары, сондай-ақ кәсіподақ комитеттері қатысты. 

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел.552316

{vsig}02.02{/vsig}

 

 

Дочерние организации